Жандосов көшесіндегі қозғалыстың уақытша шектелуі туралы
29.11.2024 22:15:53 1639
29 қарашадан 30 қарашаға қараған түні сағат 00:00-ден 1 желтоқсан сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінде Пролетар көшесімен қиылыста көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Шектеу кәріз желілерін жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары аумағын Яссауи көшесі мен Орталық көшесі арқылы Солтүстік-Батыс бағытында, Оңтүстік-Батыс бағытында Шаймерденов көшесі, Ықылас көшесі, Дауленов көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Аталған учаскеде «Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы шағын ауданындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде магистралды кәріз желілерін салу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша Наурызбай ауданының 40 мың тұрғынына қызмет көрсету үшін 6,5 км магистралды кәріз желісін салу жоспарланған.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз маршрутыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/893001