Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді
14.01.2025 21:18:33 803
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды.
Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті.
Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.
Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15052
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917542