Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді — «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы
14.01.2025 21:18:36 792
«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев Үкімет отырысында Қазақстанда электрондық сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.
Атап айтқанда, ол келесі шараларды ұсынды:
ШОБ үшін тауарларды әкелуді оңайлату:
Жалпы мөлшерлемені 15-22%-ға дейін төмендету.
Кедендік рәсімдерді оңайлату:
Сертификаттау процесін толық цифрландыру және кедендік құжат айналымын жеңілдету.
Тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту.
Жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктіру:
Сауданы жеделдету және арзандату үшін процестерді автоматтандыру.
Шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу:
Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Шетелдік платформаларда сатып алынатын тауарларға баж салығын енгізу:
Бұл қадам отандық бизнес пен шетелдік бәсекелестер үшін тең жағдай жасайды.
Спикер бұл шаралар салық түсімдерін 2 есеге – 2025 жылға қарай 626 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, төрт жыл ішінде 500 мың жұмыс орнын ашуға, нарықтың ашықтығын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.
Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15051
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917529