Құқықтық оқу

Құқықтық оқу

16.01.2025 20:15:00 737

2025 жылғы 16 қаңтарда облыс әкімі аппаратында облыстық басқармалардың қызметшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасын бұзғаны үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру туралы және «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Шақырылған спикер Қ. Кеншимбаев - полиция майоры, Қостанай облысы Полиция департаментінің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасына енгізілген өзгерістер, соның ішінде жазаны күшейту және айыппұлдар мөлшерін арттыру туралы баяндады.
Президент, көлік құралдарының жеке түрлері, соның ішінде мопед, электромобильдермен жүруді ұйымдастыру саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Электромобильдер туралы Заң қабылды, зардап шеккендер болмаса және ұсақ ЖКО (ДТП) «Европротокол» мобильдік қосымша арқылы рәсімделген жағдайда жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі болмайды.
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап халықаралық және республикалық манызы бар трассаларда «орташа жылдамдылықты» асырғаны үшін жауапкершілік енгізілді.
Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков ҚР мемлекеттік қызметін дамыту жөніндегі 2024-2029 ж. арналған тұжырымдамасына сәйкес «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы туралы ақпарат берді.
Жол картасы мемлекетік қызметте кәсібилік пен патриотизмді көздейді. Күтілетін нәтижелер:
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысына халықтың қанағаттанушылығын арттыру;
Әдептілік құқық бұзушылықтардың үлесін төмендету;
Мемлекеттік қызметшілердің материалдық емес аспектілерді қоса алғанда, мотивациялық жүйеге қанағаттанушылықты арттыру;
Мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/919269