ӨҚМ «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» және «Қазақстан инжиниринг» құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу бойынша конкурс туралы хабарлайды

ӨҚМ «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» және «Қазақстан инжиниринг» құрамына тәуелсіз директорларды іріктеу бойынша конкурс туралы хабарлайды

16.01.2025 22:16:12 763

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» АҚ және «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеу бойынша конкурс туралы хабарлайды.
Тәуелсіз директорларды конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу Тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу тәртібі және хабарландырулар «Құжаттар» бөлімінде орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/1?lang=ru
Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылдың 30 қаңтары.
Конкурстық комиссия жұмыс органының пошталық мекенжайы – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта – s.berdalina@mps.gov.kz, a.sereke@mps.gov.kz, тел. (7172) 983192, 983436.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/919199