Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды

Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды

23.01.2025 14:12:37 1397

Мәртөк ауданында Мәртөк ауылында орналасқан 39 екі пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аталған жоба 2020 жылы «ҚазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған болатын.
Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысқан салтанатты іс-шарада тұрғын үй кезегінде тұрған төрт санаттағы азаматтарға 86 тұрғын үйдің кілті табысталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға – 25 пәтер, жетім балаларға – 15 пәтер, әлеуметтік осал топтарға – 32 пәтер, ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне – 14 пәтер берілді.
Сонымен қатар, Кеңсахара ауылында 2024 жылы басталған 4 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы да биыл толығымен аяқталды.
Бұл үйлердің құрылысы кезінде барлық қажетті жұмыстар орындалды: терезелер мен есіктер орнатылып, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелері жүргізілді. Үй ішіндегі коммуникациялар мен жылыту жүйелері толық іске қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923233