Қазақстан мен Ұлыбритания Bett Show 2025 көрмесінде жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
24.01.2025 01:12:43 1680
Қазақстан мен Ұлыбритания Bett Show 2025 көрмесінде жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Лондонда әлемдегі ең ірі білім беру көрмелерінің бірі – Bett Show аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Ілиясов, сондай-ақ Ұлыбританияның білім министрі Стивен Морганның ресми кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Министр Нұрбек Қазақстанды өңірдегі басты білім беру хабы ретінде таныту мақсатында іске асырылып жатқан «Study in Kazakhstan» жобасы туралы айтып өтті. Ол сондай-ақ болашақта бұл жобаға Қазақстанда жетекші британдық университеттердің қатысуын кеңейту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Стивен Морган министрге алғысын білдіріп, екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде жалғасатынын атап өтті. Ол сондай-ақ 2025 жылғы сәуір айының басында үкіметаралық комиссияның жоспарлары туралы хабарлады.
Bett Show-дағы кездесулер екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/923439