Парламент Мәжілісі тауардың шығарылған елін айқындау мәселері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент Мәжілісі тауардың шығарылған елін айқындау мәселері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

25.01.2025 13:13:04 550

Жалпы отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.
Осы заң жобасы аясында қолданыстағы СТ-KZ және Индустриалды сертификаттарды алмастыратын, сондай-ақ қолданыстағы барлық электрондық жүйелерді біріктіретін қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізіледі.
Әзірленіп жатқан Тізілім тауар өндірісін растау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ол сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі.
Тізіліммен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері мыналарды қамтиды: 1) өтініш беру; 2) цифрлық растау; 3) өндірістік бағалау; 4) Тізілімге енгізу немесе енгізбеу туралы шешім қабылдау.
Жүйе қолданыстағы тізілімдер мен сертификаттарды ауыстыра және біріктіре отырып, отандық өндірушілер туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай нүктесін жасайды.
Одан бөлек, мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде реттелетін сатып алулар Тізілімге енгізілген өндірушілерге ғана көрсетілетін болады.
Осылайша, қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа Тізілімі бизнесті қолдау мен ұлттық экономиканы дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/922502