ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖАҚСАРТУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ БАСТАМАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
25.01.2025 13:17:02 1100
Бірыңғай дистрибьютор қазірдің өзінде 1 581 дәрілікзаттар мен медициналық бұйымдарды сатып алды, бұл жылдық жоспардың 91,5 %-ын құрайды.
2025 жылғы 5 қаңтардан бастап медициналық ұйымдарға 18,14 млрд теңге сомасына дәрі-дәрмектерді жөнелтубасталды. Сатып алу қорытындысы бойынша бюджеттіүнемдеу 56,6 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат басым бағыттар бойынша препараттарды сатып алуғабағытталатын болады.
Бір мезгілде белгілі бір аурулары бар азаматтардытегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілікзаттар мен бұйымдардың тізбесін өзектендіружүргізілуде. Өзгерістердің негізі халықаралық тәжірибеболды және медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыратын пациентке бағытталған тәсілгебаса назар аударылды.
Қажеттіліктерді дәл есепке алу үшін Министрлік дәрі-дәрмектерді автоматтандырылған есептеудің жаңаәдістемесін әзірледі.
Учаскелік дәрігерлер ақпараттықжүйелердегі пациенттер туралы деректердітолтырады, бұл дербестендірілген тәсілді жәнеуақтылы толықтыруды қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/921776