Ги Бейсембаев"жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

Ги Бейсембаев"жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

26.01.2025 00:14:07 781

"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасының іске асырылу барысы облыс әкімдері орынбасарларының, білім басқармалары басшыларының, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің және "Samruk Kazyna Construction"АҚ атынан құрылыс операторының қатысуымен өткен кеңесте қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "жайлы мектеп" Ұлттық жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салу жоспарлануда.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушыға арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру кезінде білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Талаптардың қатарына қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу есебінен қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету жатады.
Кеңес соңында министр нысандарды одан әрі сапалы салу және іске қосу жөнінде тапсырма берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/924607