Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау

21.02.2025 02:23:51 1312

2025 жылғы 13 ақпанда Парламент Мәжілісінің қабырғасында Парламент депутаттарының қатысуымен Энергетика министрлігі жанындағы өнімді бөлу туралы келісімдерді іске асыру шеңберінде елішілік құндылықты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Осы жұмыс тобының отырысы барысында жергілікті қамтуды дамыту және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілерді, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жұмыстарын (қызметтерін) жеткізушілерді қолдау мәселелері қаралды.
Іс-шара барысында Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек, ТШО бас директоры Кевин Лайон, «KazService» мұнай сервис компаниялары одағының бас директоры А.Т. Колдасовтың осы бағыттағы бірлескен жұмыс туралы баяндамалары тыңдалды.
Вице-министр нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ өндірушілерінің қолжетімділігін жеңілдетуге назар аудара отырып, ТШО операторымен бірлесіп жүргізіліп жатқан тауар өндірушілерді және жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерді теңіз жобасын сатып алуға тарту бөлігінде, тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықты дамыту Бағдарламасын және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың тендерлік рәсімдерін қайта қарау арқылы жүргізілетін жұмыс туралы атап өтті.
Депутаттық блок тендерлік рәсімдердің ашықтығын күшейту, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС мысалында «Ауыл Аманатты» бағдарламасын масштабтау, сондай-ақ Maintenance техникалық қызмет көрсету қызметтеріне стратегиялық тендер өткізу және т.б. мәселелерін көтерді.
Бұл оқиға мұнай-газ секторының ірі жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алуда қазақстандық қамтуды дамыту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі Үкіметтің жұмысындағы кезекті қадам болды.
Отырыс соңында ТШО-ға жобадағы тауарлардың, жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілердің елішілік құндылық үлесін ұлғайту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.
Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/938884