Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын Елнар Уахитов басқарады

Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын Елнар Уахитов басқарады

21.02.2025 02:59:08 836

Елнар Уахитов Қарағанды облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Елнар Уахитов еңбек жолын 2003 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің маркетинг және сапа жөніндегі менеджері болып бастаған. Содан кейін «Қарағанды Тех Сервис» ЖШС директоры, «Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ өкілдігінің консультанты, Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасарының бас маман-кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Әр жылдары Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік және байланыс бөлімінің басшысы, Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2017 жылдың қаңтарынан бастап осы күнге дейін Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/939034