Ақпан айындағы неконференцияға әзірлеушілер, стартапшылар мен кәсіпкерлерді күтеді
21.02.2025 03:35:50 627
IT-hub «Террикон алқабы» ақпан айындағы неконференцияға әзірлеушілерді, стартапшыларды, бизнесмендерді, менеджерлерді, студенттер мен маркетологтарды шақырады. Бұл жерде тәжірибе алмасу, пайдалы байланыстар орнату, спикерлермен нетворкингке қатысу, көптеген жаңа ақпаратты білу және өзгелердің кейстерінен үйрену мүмкіндігі болады.
Founder in ITCOMMS Александр Лихтман «Стартаптарға арналған PR: ең төменгі бюджетпен ең жоғары қайтарымды қалай алуға болатыны» туралы әңгімелейді.
«Сарыарқа» әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов көшбасшылықтың құндылықтарымен таныстырады.
CTO at AI TIDAAR Дәулет Ерманов «Корпоративтік әлемде ЖИ пайдалану» туралы, оның ішінде сатуды болжау, мәтін мен бейнелерді өңдеу туралы айтатын болады.
Контентті қалай монетизациялау және шығармашылық топты басқару «Медиа айналасында экожүйені қалай құру керек» деген тақырыпта Kettik group медиахолдингінің СЕО & founder Бақдәулет Исаевтың дәрісінде айтылады.
Аслан Ахметов, Software Engineer at Evita Pay Inc, «LLM көмегімен финтехтегі бизнес-процестерді автоматтандыру» туралы әңгімелейді.
Камила Жанахмет, Senior analyst at Kazakhmys Corporation «Шығындарға әкеп соққан сараптамадағы қателіктер» тақырыбын қозғайды.
Бота Абдаримова, ForteBankтағы Team lead DS және ForteBankтағы DS директоры Мадияр Хамзанов «Корпоративтік банкингтегі ЖИ даму деңгейлеріне» талдау жасайды.
Конференция 27 ақпанда сағат 18:30 «Террикон алқабы» IT-hub-да өтеді.
Мекен-жайы: Алалыкин көшесі, 12.
Форматы: офлайн/онлайн.
Сілтеме бойынша тіркелу: terricon.kz.
Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/940479