ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
24.02.2025 02:27:56 198
1
2025 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш. Әбдіреева мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің экономикалық бөлімі басшысының м.а. К. Хофманмен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылап, ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарастарымен алмасты.
АҚШ Қазақстанның зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы өсімін жоғары бағалады, әсіресе Әділет министрлігі департаменті мәртебесінің Комитет деңгейіне көтерілгенін атап өтті, бұл олардың пікірінше, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы мәселелерге ерекше назар аударғанын көрсетеді.
Олар бұл сала инновацияларды дамытуда және инвестицияларды тартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, сондай-ақ 2006 жылдан бері
«301 арнайы баяндаманы» бұзушы елдердің бақылау тізіміне кірмейтін Қазақстанның тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.
Ш. Әбдіреева зияткерлік меншік саласын жетілдіруге бағытталған негізгі заңнамалық бастамаларды ұсынды. Марракеш келісімін ратификациялауға ерекше назар аударылды, бұл зағип және нашар көретін адамдардың білім мен мәдениетке қол жетімділігін жақсартады.
Ол сондай-ақ «Apple», «Toyota», «Kit Kat», «Nesquik», «Procter & Gamble» и «Henkel AG & Co. KGaA» сияқты брендтердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін құқықтардың бұзылуына қарсы күрестің жанданғанын атап өтті.
Тараптар зияткерлік меншік саласындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықты растады. Басым бағыттардың қатарында мамандардың біліктілігін арттыру, патенттік сараптама саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу, авторлық құқықтарды қорғау және контрафактілік өнімдерге қарсы күрес атап өтілді.
ҚР мен АҚШ арасындағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді әріптес ретіндегі ұстанымын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/942775