Мәжіліс Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді

Мәжіліс Зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі Заң жобасы бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді

24.02.2025 03:10:06 308

2025 жылғы 20 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті.
Отырыс басталар алдында қатысушылар қазақстандық өнертапқыштардың ел экономикасына қосқан үлестерін көрсете отырып, олардың инновациялық әзірлемелерін көрсететін көрмеге қатысты. Көрменің көрнекті экспонаттарының бірі 2024 жылы 20 есе, 2023 жылғы 5-тен 2024 жылы 99-ға дейін өскен географиялық көрсеткіш ретінде тіркелген түйе сүтінен жасалған Арал сабыны, Қызылорда күріші, Талғар алмұрты, Нарынқол картопы, Қостанай балы, Сайрам нан, Алакөл балығы және басқалары сияқты азық-түлік өнімдері болды.
Отырыс жұмысын аша отырып, Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Н.Т. Байтілесов Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес әзірленген Заң жобасы экономикалық даму, инновациялар және креативті индустрия үшін маңызды зияткерлік меншікті қорғау үшін жаңа құқықтық құралдарды енгізуге бағытталғанын атап өтті.
Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова контрафактілік өнімдер, маркетплейстердегі бұзушылықтар және ұжымдық басқару ұйымдарының ашықтығы проблемаларын көрсете отырып, Заң жобасындағы негізгі түзетулерді ұсынды.
Депутат Е.Д. Стамбеков ұжымдық ұйымдардың ашық еместігін және авторлардың сыйақы алу құқығын қамтамасыз етпейтінін атап өтіп, авторларға сыйақы уақыты төлеудің маңыздылығын атап, құқықтарды басқарудың цифрлық платформасын енгізуді ұсынды.
Автор, авторлық құқық саласындағы сарапшы Т.Б. Төлегенов ҚҰБҰ ашық еместігі мен міндеттерін орындамау мәселелерін шешу үшін ұжымдық басқару функцияларын мемлекеттік монополияға беруін қарастыруды ұсынды.
Сондай-ақ, зияткерлік меншік мәселелерін талқылауға депутаттар Ж.Д. Сүлейменова, Ү. Шапақ қатысты. Депутат Ж.Д. Сүлейменова жазушылардың, ақындардың, композиторлардың авторлық сыйақының төленбеуіне қатысты шағымдарына назар аударып ұжымдық құқықтарды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларын әзірлеу қажеттілігін атап өтті.
ҚҰБҰ өкілдері Л.Ю. Балмагамбетова, А.А. Блиев, С.Ч. Исаев, Р.А. Абдухаликов аталған институтты дамыту және ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі туралы ұстанымдар айтты.
Отырыста авторлық құқықты қорғаудың заманауи жүйесін құрудың негізгі бастамалары талқыланды. Парламент Депутаттары ашықтықтың және авторлардың әділетті сыйақысын алуының маңыздылығын атап өтіп, құқықтарды басқару үшін цифрлық платформаларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
Жиынға қатысушылар ұсынылған өзгерістер елдің ғылыми және технологиялық дамуына, инновациялық жобаларға инвестициялар тартуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға ықпал ететін зияткерлік меншіктің тиімді және теңгерімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Заң жобасына қатысты жұмыс ғылым, бизнес және шығармашылық индустрия өкілдерін қоса алғанда, мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/943442