Шалқарда жаңа әскери комиссариатсалынып, өрт сөндіру депосы жөнделді
24.02.2025 03:10:26 253
Әскери комиссариат ғимараты былтырғыжылдың соңында пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысанның құрылысын “Қолғанат Құрылыс” ЖШС жүзеге асырды. Жаңа ғимаратта тек әскерге шақырылушыларды тіркеу ғана емес, сонымен қатар жастармен ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрдежүргізу жоспарланып отыр.
Облыс әкімі әскери қызметке шақыру - әрбір азаматтың міндеті ғана емес, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін айтты.
Әскери комиссариат ғимаратын аралап шыққаннан кейін, облыс әкімі өрт сөндіру депосына барды. Депо құрамында екі өрт сөндіру бөлімі бар, олардың бірі 1986 жылы, екіншісі 1980 жылы салынған. 2008 жылы депода алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта бұл ғимаратта аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен жеке құрамында 33 қызметкер, оның ішінде 11 офицер және 22 сержант бар өрт сөндіру бөлімі орналасқан.
Өрт сөндіру депосында 8 техника бар, оның ішінде 3 қызметтік жеңіл автокөлік және 4 арнайы өрт сөндіру машинасы.
Облыс әкімі өрт сөндіру депосы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, олардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, әсіресе табиғи және техногендік апаттар кезінде атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Екі мекеменің ұжымдарымен кездескен облыс әкімі ж тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында жергілікті билік осындай нысандарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943836