Қазақстан СІМ-де Испаниямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Испаниямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

04.03.2025 01:14:01 121

Астана, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Франсиско Мартинеспен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері мен көпжақты форматтағы байланыстарды талқылады.
А.Рахметуллин Испанияның Қазақстан үшін Еуропалық одақтағы сенімді стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, биылғы наурыз айында Мадридте өтетін Үкіметаралық комиссия мен Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесі отырыстарының жемісті өтуіне тілегін білдірді.
Испандық дипломат екіжақты қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/944600