ӨТКЕН ЖЫЛЫ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТЫЛДЫ
04.03.2025 01:14:44 165
Шымкент қаласында өткен жылы 160 мыңға жуық адам амбулаториялық тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл жұмыстар ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС шеңберінде жүргізілген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің айтуынша, дәрілік препараттар диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. Жалпы, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік берген.
Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Дәрігер науқастың жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан дәрі-дәрмектер алуға рецепт жазады. Ал, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.
Сонымен қатар, былтыр медициналық сақтандыру аясында 8 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/945561