ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ СПОРТШЫ РУМЫНИЯ ЕЛІНДЕ ӨТКЕН БОКС ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
04.03.2025 01:15:11 121
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тумасы, Мірсәбит Арман Румыния мемлекетінің Брэила қаласында өткен «DRACULLA OPEN» жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде Греция, Молдова, Румыния мемлекеттерінің боксшыларымен жұдырықтасып, жүлделі 1 орынды иеленді.
Бокстан Қазақстан Республикасының 6 дүркін чемпионы Мірсәбит Арман Қазығұрт ауданындағы «№11 колледж» МКҚК-ның «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығының І-курс студенті. Ол тек Қазығұрт ауданының ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғап жүрген талантты спортшылардың бірі. Румыниядағы «DRACULLA OPEN» турнирінде жеңіске жетуі оның үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Жас спортшыға болашақта үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/944993