Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттары басталды

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттары басталды

04.03.2025 01:15:20 154

  2025 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы ТЖД «Құтқарушы» спорт кешенінде ҚР ТЖМ «Астана-2025» өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХІІI, әйелдер арасындағы ХI, жасөспірім ұлдар арасындағы Х қысқы чемпионаттарының ашылуы өтті. Жеңіске жету мақсатында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам спортшы келді.

  Салтанатты түрде қатысушыларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Астана қаласы ТЖД басшылығы және спорт ардагерлері құттықтады. Ашылу салтанаты нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастырды. Қатысушылар бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

  «Бұл спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар біздің өрт сөндірушілер мен құтқарушыларымыздың батылдығы, рухы мен кәсібилігінің көрінісі. Жыл сайын өрт-құтқару спортын дамытуда жаңа көкжиектер ашылуда. Біздің спортшылар үшін жарыстар жетілдіру жолындағы маңызды кезеңге айналуда. Болашақ жеңімпаздар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетеді және осы қиындықтарға толы, бірақ игі мамандықты таңдағандардың барлығына үлгі болады», - деп вице-министр Рамиль Камалов атап өтті.

  Бірінші күні спортшылар оқу мұнарасының 2, 3, 4 қабатына шабуыл сатысымен көтерілуде жарысады.  Бұл өрт сөндіру-құтқару спортының ең керемет түрлерінің бірі және үнемі жоғары бәсекелестікте өтеді. Әр спортшы мәре сызығында қымбат миллисекундтар үшін күреседі. Ертең жарыс жүз метрлік кедергілері бар жолақты өту бойынша жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/946139