Астанада жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті

Астанада жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті

04.03.2025 01:15:23 143

Астанадағы №93 мектеп-лицейінде әлеуметтік жас педагогтарға арналған семинар-практикум өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оған 50-ге жуық жас әлеуметтік педагог пен аттестациядан өтетін педагог қатысты.

«Іс-шара барысында осы салада көпжылдық тәжірибесі бар мамандар психологиялық қолдау орталығының бағыттары мен міндеттері, дағдарыс жағдайларында балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім алушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру қағазының толтырылуы, әлеуметтік педагогтерді аттестаттау жайлы айтылады, сондай-ақ нақты кейстермен жұмыс жүргізіледі. Одан бөлек қазір оқушылар арасында кездесетін проблемаларды талқылаймыз», - деді Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлдана Бекетаева.

Семинардың мақсаты – жас маманның кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ету және әдістемелік қолдау көрсету. Сонымен қоса педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау.

Жиынға қатысушылар спикерлерге сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/945976