Қазақстан «жасыл» энергетика бағытын жалғастыруда: 2025 жылы ЖЭК-тің жаңа қуаттары іске қосылады

Қазақстан «жасыл» энергетика бағытын жалғастыруда: 2025 жылы ЖЭК-тің жаңа қуаттары іске қосылады

04.03.2025 01:15:30 308

2024 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесі 6,4% - ды (7,58 млрд кВтсағ) құрады. Жалпы қуаты 163 МВт болатын 8 жаңа жоба пайдалануға берілді.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуы бойынша 2025 жылы жалпы қуаты 455,5 МВт болатын тағы 9 ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл елдің энергия теңгеріміндегі «жасыл» энергияның үлесін едәуір арттыруға және көміртегі ізін азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/946347