S&P Global Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

S&P Global Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

22.08.2026 01:29:32 203

 

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтікагенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейінкөтерді. Агенттіктің шәкілі бойынша рейтингтіңосы деңгейіне                       2016 жылдан беріалғаш рет қол жеткізіліп отыр.

Тәуелсіз кредиттік рейтингтің көтерілуі елдіңэкономикалық дамуының орнықтыперспективаларын, экономиканыңәртараптандырылуы жалғасып жатқанын жәнесыртқы және фискалдық буферлердіңайтарлықтай жинақталғанын көрсетеді.

Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстанныңэкономикасы сыртқы  сын-қатерлерге жәнеәлемдік тауар нарықтарындағы бағаныңқұбылмалылығына қарамастан, орнықты болыпқалады және орта мерзімді перспективада өсудіжалғастырады.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылыЖІӨ-нің нақты өсуі 5,1%-ды құрайды, болашақтаҚазақстанның экономикасы мұнай экспорттаушыелдер арасында салыстырмалы түрде жоғарықарқынмен өсетін болады.

S&P экономиканы әртараптандыруғабағытталып, іске асырылып жатқан ауқымдыинвестициялық бағдарламаның рөлін атап өтеді. Шикізат өңдеуді және инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ арқылы дамыту жөніндегі жобалардыңқаржыландырылуы келешекте инвестициялардеңгейін ЖІӨ-нің 30%-на дейін ұлғайтуғамүмкіндік береді.

S&P пікірінше, бюджет шығыстарыныңқалыпты қарқынмен өсуі және салықтық базаныкеңейту жөніндегі шаралар бюджет тапшылығынқысқартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан валюталық активтерінің мөлшерісыртқы борышының қалыпты көлеміненасатындай едәуір мөлшерде болғанда, сыртқыкредитор ретінде мықты позициясын сақтайды.

Сондай-ақ, агенттік банк секторыныңмакроэкономикалық күйзелістергеорнықтылығын атап өтті. Реттеу және қадағалаужөніндегі саясаттың біртіндеп жетілдірілуі банк секторының орнықтылығының артуына жәнеактивтер сапасына байланысты жүйеліктәуекелдердің төмендеуіне ықпал етті.

Бұнын алдында елдің тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB-» деңгейінде болған.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1278343?lang=ru