Астанада «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өтеді
04.03.2025 01:19:07 99
Астана қаласында 2 наурыз күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өткізiледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 1300 метр.
Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды 16 жасқа дейнігі балалар қатыса алады. Барлық қатысушыларға естелік медальдар беріледі. Қатысушылар лимиті – 500 адам.
Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын бұқаралық шаңғы жүгірісіне қатысуға шақырамыз!
Іс-шара 2 наурыз күні сағат 10:00-де басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948743