РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

04.03.2025 01:20:25 176

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Құрметті қауым!
Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Барша мұсылмандар үшін маңызы ерекше бұл айда сабырлық, қанағатшылдық, мейірім мен қамқорлық сияқты сауабы мол құндылықтар кеңінен паш етіледі. Көпшілік ауыз бекітіп, салауат айтылып, жастарға имандылық қағидаттары дәріптеледі. Осы орайда Рамазан айының ел бірлігін нығайтудағы, халықтың бір-біріне деген өзара көмек пен жанашырлық қасиеттерін арттырудағы рөлі зор. Әрдайым еліміздің бақ-берекесі арта берсін!
Ұстаған оразаларыңыз, жасаған ниет-тілектеріңіз, сауапты істеріңізқабыл болсын.
Баршаларыңызға денсаулық, отбасыларыңызға игілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948844