Еңбек адамы: Бозгулов Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы

Еңбек адамы: Бозгулов Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы

04.03.2025 01:20:39 143

Марат Ержігітұлы 46 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман, оның 23 жылын су шаруашылығына арнаған.
Еңбек жолын 1974 жылы «Союзгипрорис» институтының Қызылорда бөлімшесінде техник болып бастаған.
1982 жылы Жамбыл гидромелиортивтік-құрылыс институтын аяқтап, «Кызылордаводстрой» трестінде шебер, прораб, аға шебер болып 10 жылға жуық жұмыс істеді.
1987–1990 жылдары ПМК-29 ұйымында, Жаңақорған – Шиелі күріш массивіндегі мекемелерде, Сырдария ауданындағы «Амангелді» совхозында егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстарына басшылық етті.
1990 жылдан бері Арал теңізін құтқару Қорының бастамасымен Сарышығанақ каналын қазуға, және Қамбаш пен Райым ауылдарына баратын Арал – Сарыбұлақ су құбырларының насос станциалын салуға өз үлесін қосқан қызметкер.
Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан су ресурстарын тиімді басқару мен инженерлік жүйелерді жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлға. Еңбегі елеулі, білімі терең, саланың қыр-сырын жетік меңгерген беделді маман.
2020 жылы Қазақстан су шаруашылығы қауымдастының «Су шаруашылығының үздігі белгісімен», 2022 жылы «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясының «Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948867