Олег Сергеевич Герштанскийдің қазасына байланысты көңіл айту
04.03.2025 01:21:21 66
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшылығы мен ұжымы Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының көрнекті қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Маңғыстау облысындағы мұнай және емдік-минералды су кен орындарының алғашқы ашушысы Олег Сергеевич Герштанскийдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтады.
О. С. Герштанскийдің бүкіл ғұмыры – Республикаға, өз ісіне адалдық пен сеніміне деген мызғымас беріктіктің жарқын үлгісі.
1978 жылдан бастап өмірінің соңына дейін О. С. Герштанский мұнай-газ саласындағы түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерде еңбек етті, Мұнайшы-геологтардың Қазақстандық қоғамының мүшесі, Министрліктің жанындағы Көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі болды, «KAZENERGY» қауымдастығының Ғылыми-техникалық кеңесіне кірді, 100-ден астам ғылыми мақаланың, 82 өнертабыстың және 5 монографияның авторы.
Еңбек жолындағы ерекше жетістіктері үшін ол мемлекеттік марапаттармен: «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да медальдармен, марапат белгілерімен, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы», «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтарымен марапатталды.
Олег Сергеевич жарқын ғұмыр кешті, әрдайым белсенді азаматтық ұстанымда болды, оны терең адамгершілік қасиеттері, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы ерекшелендірді.
Геологтар мен геофизиктер қауымдастығы өзінің ең қымбатты мүшелерінің бірін – еліміздің мұнайшылар дәстүрін сақтаушы әрі қорғаушы тұлғасын жоғалтты.
Олег Сергеевичтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, ал оның еңбектері болашақ ұрпақтың жадында қалады.
Оның отбасы мен жақындарына осындай ауыр қайғыға байланысты көңіл айтамыз.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
А. Сәтқалиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948956