СҚО әкімі Петропавл тұрғындарының сауалдарына жауап берді

СҚО әкімі Петропавл тұрғындарының сауалдарына жауап берді

04.03.2025 01:22:03 132

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде отыз шақты қала тұрғыны түйткілді мәселелерді көтерді, оларға нақты жауаптар берілді. Жиында облыс орталығын дамыту жоспарын талқыланды. Өткен жылы басталған жұмыстарға қарқын қосылмақ. Қаланы абаттандыруға, инфрақұрылымға, жолдар мен аулаларды жөндеуге, сондай-ақ баспанамен қамтуға елеулі қаражат бөлінуде. Басым бағыттар:
1️⃣ Тасқыннан зардап шеккен аумақтарды абаттандыру. Бұл аумақта 2000 ағаш отырғызылып, 74 сквер, балалар мен спорт алаңдары, кіші архитектуралық формалар мен серуендеу жолдары жасалып, жарықтандырылады.
2️⃣Қала көшелерін жөндеуді жалғасады. Орташа жөндеу 45 көшені қамтиды, оның 42-де бұрын асфальт болмаған. Алдағы үш жылға міндет – барлық көшелерге асфальт төсеу.
3️⃣Аулаларды кешенді абаттандыру. 15 кварталда 50 аула жаңартылмақ. Айта кетейін, қазір 254 аула әлі де жаңғыртуды қажет етеді.
4️⃣Қала орталығындағы негізгі – Қазақстан Конституциясы көшесін жаңғырту. Көктемде жаяу жүргіншілерге ыңғайлы кеңістік жасау жұмыстары басталады, бұл көше қалалықтар мен қонақтарға ыңғайлы болады.
5️⃣ Баспана. Петропавлда 7 бюджеттік және 13 коммерциялық көпқабатты үй Жас Өркен, Копай, Береке, Орман және Орталықта бой көтереді. Әлеуметтік осал топтар үшін 110 пәтер сатып алынады. Былтыр осы категория үшін 169 пәтер алынды. Жастарды қолдауға бағытталған «Қызылжар жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
6️⃣Әлеуметтік саланың дамуы. Жас Өркенде 280 орындық балабақша салынады. Сондай-ақ, республикалық «Үркер-Сириус» білім беру орталығының құрылысы басталады.
7️⃣Денсаулық сақтау. Жедел жәрдем орталығына заманауи стандарттарға сай жаңа ғимарат салу жоспарда бар. Медициналық мекемелерде күрделі жөндеу мен жаңа қондырғылар алу жалғасады.
8️⃣ Қалада жаңа спорттық нысандар бой көтереді. Жас Өркенде мұз сарайының құрылысы басталды, онда мұз аренасы, бассейн және спорт залдары болмақ. «Қарасай» стадионын жаңғырту аяқталады.
"Кездесу барысында тұрғындар Петропавл қаласын дамыту бойынша маңызды мәселелер мен ұсыныстарын айтты. Барлық ескертулер қаланың даму жоспарына енгізіліп, іске асады", - деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/949184