Назар аударыңыз! АЯТ ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Назар аударыңыз! АЯТ ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

29.03.2025 18:01:38 1701


Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20 наурызда осы іс-шараларды Аят өзенінде өткізу жоспарланған.
Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар кептеліс құбылыстарын азайту және тасқын суларды кедергісіз өткізу мақсатында жүргізіледі!
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында саяжай учаскелерінде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұзға шығуға тыйым салынады!
Ата-аналардан балаларды және олардың орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұраймыз. Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіз, сондай-ақ оларды Западная көшесінде орналасқан логаға жақындатпауларыңызды сұраймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/960643?lang=kk