Эфиопия СІМ-не екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін талқылады
29.03.2025 18:02:03 1647Аддис-Абеба, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы және Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы), ҚР-ның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Консулдық қызмет департаментінің бас директоры Елші Сираж Решид Джундимен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар ҚР мен Эфиопия арасындағы, оның ішінде консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Эфиопия Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату, өзара туризмді дамыту, өзара сапарлар кезінде екі ел азаматтарының мүдделерін қорғау туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін диалогты одан әрі қолдауға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/960837?lang=kk