СҚО әкімі су тасқыны жағдайын әуеден бағалады: ұшудың нәтижесі қандай?

СҚО әкімі су тасқыны жағдайын әуеден бағалады: ұшудың нәтижесі қандай?

30.03.2025 23:06:50 957

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар аудандардың жағдайын әуеден бағалау мақсатында аэровизуалды мониторинг жүргізді. Ұшу бағыты Есіл өзені бойымен өтіп, Шал Ақын, Ғабит Мүсірепов, Айыртау және Тимирязев аудандарын, сондай-ақ Шағалалы өзені мен Шағалалы су қоймасын қамти отыра, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары арқылы өтті. 

СҚО бойынша  ТЖД бастығы Жомарт Аскаров, Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов және Ғ. Мүсірепов ауданының әкімі Руслан Анбаев қазіргі су тасқыны жағдайы туралы баяндама жасады.

"Ауа температурасының тұрақты түрде жоғарылауына байланысты алқаптарда қардың басым бөлігі еріп кетті. Дегенмен, кейбір аудандарда еріген қар суынан туындайтын қауіп әлі де сақталуда. Өзендерде мұз кептелісі жоқ,  алдын алу мақсатында жару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, кейбір автомобиль жолдарында уақытша су тасу жағдайлары тіркелді", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. 

Есіл өзені арқылы келетін су ерекше қауіп төндіруде. Сергеев су торабында судың асып төгілуі 81 см-ге жетіп, біртіндеп көтерілуде. 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш – 425 см. Жағдай үнемі бақылауда.

Мемлекеттік органдар мен барлық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, су тасқыны салдарын азайту және елді мекендерді қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962735?lang=kk