Күзгі тазалық – ортақ жауапкершілік
14.09.2026 10:12:20 260
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында күзгі экологиялық науқан басталды.
Науқанның алғашқы сенбілігіне Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Облыстық волонтерлік фронт-офисінің волонтерлері бірлесіп қатысып, қоршаған ортаны абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл – табиғатты қорғау ғана емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, жастарды қоғамдық іске жұмылдыруға бағытталған маңызды бастама.
Күзгі науқан алдағы уақытта да жалғасып, өңір жастарының белсенді қатысуымен түрлі экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Таза орта – таза болашақ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1290800?lang=ru