СҚО бөгеттері тасқынға қарсы бетондалып жатыр

СҚО бөгеттері тасқынға қарсы бетондалып жатыр

30.03.2025 23:06:52 847

Облыс орталығы мен Қызылжар ауданындағы Тепличное, Ущев және Былғары кенті бөгеттеріндегі жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде – әрбір минут маңызды.

Бөгеттер бетон плиталармен және полипропилендік жамылғылармен бекітілуде, демалыс және мереке күндеріне қарамастан барлық күштер жұмылдырылған.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аралау барысында аталған жұмыстардың барысын тексеріп, олардың маңыздылығын атап өтті және әскери қызметшілерге көмектері үшін алғыс білдірді. 

"Бірлескен күш-жігеріміз тәуекелдерді барынша азайтып, елді мекендерді қорғауға көмектеседі", - деп атап өтті өңір басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/962757?lang=kk