«SKILLS FOR GEEKS» облыстық ІТ-чемпионатының баспасөз релизі

«SKILLS FOR GEEKS» облыстық ІТ-чемпионатының баспасөз релизі

05.04.2025 22:17:58 1559

Облыстық «SKILLS FOR GEEKS» ІT-Чемпионаты

 Қатысушылар санаты - облыс мектептерінің 10+, 14+  жас санаттарындағы оқушылары.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1 наурызына дейін.

Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 4 сәуір, сағат 10.00.

Өткізу орны: Өскемен қ., Қ. Сәтбаев даңғылы, 82/1. Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайы.

 

«SKILLS FOR GEEKS» облыстық ІТ-чемпионатының баспасөз релизі

 Мақсаты: облыс мектеп оқушыларының шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін белсендіру және дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасау, оқушылардың нақты кәсіби жағдайларда тапсырмаларды практикалық шешу дағдыларын және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, оқушылардың жоғары технологиялық өндіріс, инновациялар және инженерлік әзірлемелер саласына деген қызығушылығын ынталандыру.

Чемпионат ақпараттық технологиялар саласында жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге байланысты жастардың келешегі зор идеялары мен бастамаларын дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965958?lang=kk