Көктемгі санитарлық тазалық айлығының басталуы туралы
05.04.2025 22:19:48 1538Бүгін, 31 наурызда, қалалық санитарлық тазалық айлығы басталды. Бұл айлық 1 мамырға дейін жалғасады.
Қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдар қала абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырылады. Көше тазалығы мен қоқыстарды шығарудан бөлек, іргелес аумақтарды ретке келтіру, ғимараттардың қасбеттерін, тротуарларды, кіреберіс топтарын жаңарту және косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл жұмыстарға гараж кооперативтері, МИБ және ПИТК иелері ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.
Айлық барысында қоқыс қалдықтарын полигондарға тегін шығару қызметі ұйымдастырылады. Бұл үшін 109 нөміріне Айкөмек қызметіне өтініш беру қажет.
Құрылыс алаңдарында санитарлық нормаларды қатаң сақтау міндетті екенін атап өткіміз келеді. Құрылыс салушылар қала жолдарын ластамау үшін тазалық ережелерін сақтауға, соның ішінде құрылыс алаңынан шыққан кезде жүк көліктерінің дөңгелектерін жууға міндетті.
Қаланың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етуге барша қала тұрғындарын қатысуға шақырады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/966338?lang=kk