Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

Фитосанитариялық есептілікті ұсыну туралы

05.04.2025 22:40:37 1784

«Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабына, 14-5-бабының 3-тармағына және «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы             29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына сәйкес қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынуға міндетті:      

 

ФУ-1. Пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, бір рет 10 шілдеге дейін және екінші рет 10 қаңтарға дейін;  

 

ФУ-2. Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жылына екі рет ААИ-ға, нақты қозғалған орны бойынша 10 шілдеге дейін және 10 қаңтарға дейін;        

 

ФУ-3. Пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, нақты сақтау орны бойынша 10 қаңтарға дейін;

 

ФУ-4. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп. Ұсыну мерзімі: наурыздан қыркүйекке дейін ай сайын ААИ-ға, есепті айдан кейінгі әр айдың 10-на дейін;

 

ФУ-5. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп. Ұсыну мерзімі: жыл сайын ААИ-ға, 10 қаңтарға дейін.

 

Есептіліктерді «ҚР АШМ АӨК МИК Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» ММ Федоров селосы, Пушкин  көшесі - 56, жұмыс тел. 8 (71442)  21-6-98, Электрондық мекенжайы: fedof_p-rtu@minagri.gov.kz бойынша ұсыну қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 403-бабының 1-тармағына сәйкес, фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

 

«КР АШМ АӨК МИК Федоров

ААИ» ММ өсімдіктерді қорғау және

карантині жөніндегі бас маман-

мемлекеттік инспектор                                                      Джагалтаева С.Е.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/966387?lang=kk