Бүгін Өрел ауылында тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік өтті.
05.04.2025 22:41:09 1553📍Бүгін Өрел ауылында тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік өтті. Шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілер белсенді түрде қатысты.
☑️Ауыл шетіндегі екі аялдама толықтай ретке келтіріліп, айналасы қоқыстан аршылды. Сонымен қатар, аялдамалардың тазалығын сақтау үшін оларды күнделікті бақылап отыратын жауапты адам бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/966565?lang=kk