Әкімдік отырысы
05.04.2025 22:41:44 1559
Ағымдағы жылдын 31 наурызында қала әкімі Б.Абдралиев , Курчатов қаласы әкімдігінің отырысын өткізді. Отырыс барысында «Қорғау құрылымдарын дайындау, кәсіпорын қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету және оларды жабдықтау бойынша шараларды қабылдау туралы», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету шаралары: қазіргі жағдайды талдау, қаржыландыру, қолдау механизмдері, сапаны бақылау және қолданыстағы заңнамалық кедергілер», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға бергені үшін дебиторлық берешекті қысқарту жөніндегі шаралар туралы: ағымдағы жай-күйі, өндіріп алу жөніндегі жұмыс, одан арғы қадамдар, сондай-ақ жалдау шарттарының талаптарын орындау фактілері», «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру барысы: қол жеткізілген нәтижелер, мәселелер және нақты жоспарлар туралы», «Қаланың білім беру объектілерінің аумақтарын абаттандыру жоспарлары: ағымдағы жағдайы, жоспарланған іс-шаралар және оларды жүзеге асыру мерзімдері туралы», «Қалалық ауруханаға білікті мамандарды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы: қазіргі кадрлық жағдай, проблемалар және оларды шешу жолдары» мәселелері қаралды. Барлық баяндамалар тыңдалып, тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/966622?lang=kk