Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады.
05.04.2025 22:42:13 1535Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. Желді ауа райында от лезде саяжай қауымдастықтарына, ағаш құрылымдарға және орман аймағына таралуы мүмкін.
Өрт қаупі жоғары кезеңде келесі ережелерді сақтау қажет:
Елді мекендер аумағында жанғыш қалдықтарды төкпеңіз.
Саяжай қауымдастықтарының айналасында минералданған жолақтар жасалуы керек.
Саяжай учаскелерінде су толтырылған бөшке және бастапқы өрт сөндіру құралдары болсын.
Құрғақ шөпті өртеуге болмайды.
Құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, өшірілмеген отты қалдырмаңыз.
Балалардың отқа қауіпті заттармен ойнауына жол бермеңіз.
Жеке учаскеңіздің айналасындағы құрғақ шөпті шабыңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне шұғыл хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/966809?lang=kk