Барлық гидроқұрылыстағы жағдай тұрақты – Су ресурстары министрлігі
05.04.2025 22:42:20 1508Барлық гидроқұрылыстағы жағдай тұрақты – Су ресурстары министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суларды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды. Бұдан бөлек, тасқын судың су айдындарына бағытталуын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілетін жақсарту үшін 240 шақырым өзен арналарын тазарту, кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/966848?lang=kk