Бразилиямен өңірлік ынтымақтастық кеңеюде

Бразилиямен өңірлік ынтымақтастық кеңеюде

05.04.2025 23:00:39 1765

Бразилиа, 2025 жылғы 1 сәуір – Елші Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінде «Basden Group and Freefaro» компаниясының Бас директоры Педро Энрике Гарсия Деморимен кездесті.

Тараптар, келіссөздер барысында Қазақстан мен Бразилияның Парана штаты арасындағы экономика, инвестиция және сауда салаларындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады. Педро Демори Елшіні Қазақстанға жұмыс сапарының қорытындыларымен таныстырып, Астана мен Алматыда қазақстандық серіктестермен талқылаған бірқатар бизнес жобаларымен таныстырды.

Елші сұхбаттасушыға ағымдағы жылдың қаңтар айында Федералдық үкімет жанындағы Парана штаты миссиясының басшысы, хатшы Рубенс Буэно II-мен кездесуі жайлы хабардар етіп, Бразилия үкіметінің Қазақстанның Парана штатындағы Құрметті консулы лауазымына Педро Демори кандидатурасын қарау кезеңі жайында ақпаратпен бөлісті.

Тараптар, штат басшылығы, экономикалық бірлестіктер және аймақтың іскер топтарымен кездесулер өткізу үшін биылғы жылы Елшінің Парана штатына жұмыс сапарын ұйымдастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/967444?lang=kk