Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Камила Тютеневаны жеңісімен құттықтады
05.04.2025 23:00:55 1545Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Камила Тютеневаны жеңісімен құттықтады.
20-26 наурыз аралығында Түркістан қаласында волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті.
Облыстық команда құрамында №1 Самар орта мектебінің оқушысы Камила Тютенева бірінші орынды иеленіп, волейболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанды.
Аудан басшысы жас спортшы мен оның бапкері Ерасыл Құрманбаевқа алғыс хаттар және арнайы сыйлықтарды табыстап, спорт жолында сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/967477?lang=kk