«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» Республикалық байқауының өңірлік кезеңі
05.04.2025 23:17:56 1720Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңін өткізді. Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының 100 үздік студентін тануға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты: Талантты жастарды қолдау. Жұмысшы мамандықтарын және білім, дағдылар мен таланттарының арқасында табысқа жеткен ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін насихаттау.
Конкурстың міндеттері: ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, қолдау және алға тарту. Студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін ынталандыру. Үздік студенттер үшін шеберлік класстарын, тренингтер мен курстар ұйымдастыру арқылы одан әрі даму мүмкіндіктерін жасау, сонымен қатар тұлғалық және кәсіби өсу бойынша тиісті бағдарламаларды жүзеге асыратын ұйымдарды тарту.
Регионалдық кезеңнің ережесіне сәйкес, келесі материалдарды ұсыну қажет болған:
- Мотивациялық хат.
- Үміткердің өз өңіріне пайдасын тигізетін болашақ маман ретінде таныстыратын бейнеролигі
- Өңірдің/республиканың дамуына арналған мамандығы бойынша жоба.
Региондық кезеңге 19 оқу орнынан 23 өтінім мен материалдар түсті.
Сараптамалық комиссия 23 қатысушының материалдарын қарап, «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысуға ұсынылатын келесі студенттер анықталды: Ғали Мадияр («Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК),Ушакова Ольга («Риддер колледж» КМҚК), Лазаревич Эмилия («Өскемен технология және сервис колледжі» КММ), Кеңес Ақгүл (Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжі),Ұланқадырова Аружан («Абай атындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі»КМҚК), Салаватұлы Жансерік (С.Аманжолов атындағы ШҚГУ жоғары колледжі»), Романов Дмитрий («Гуманитарлық-техникалықй колледжі» ЖШС), Зайков Сергей ( «Алтай жоғары колледжі» мекеме), Дамолданов Эльнар («Шығыс техникалық -гуманитарлық колледжі» мекеме).
«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысуға ұсынылған студенттерге сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968361?lang=kk