Қазақстанның тұрақты өкілі Нью-Йоркте өткен із-түзсіз жоғалғандар жөніндегі БҰҰ диалогында сөз сөйледі
05.04.2025 23:44:13 1761Нью-Йорк, 2025 жылғы 2 сәуір - Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Елші Қайрат Омаров Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түркпен хабарсыз кеткен адамдар мәселесі бойынша диалогқа қатысты.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдар мәселесі – әділдік пен бейбітшілікке кедергі келтіретін адам құқықтарының өрескел бұзылуы, ал оның жаһандық ауқымы қоғамды тұрақсыздандыруға ықпал етуі мүмкін.
Елші Қ.Омаров өз сөзінде хабарсыз кеткен адамдардың отбасылары тап болатын белгісіздік пен қайғы-қасіретке байланысты осы мәселенің күрделілігін атап өтті.
Елші Омаров Қазақстанның бұл мәселені шешуге бейілді екенін атап өтті. Ол ұлттық деңгейде күштеп жоғалудың алдын алу үшін құқықтық базаны нығайтуға, хабарсыз кеткендер туралы істерді мұқият тергеуді қамтамасыз етуге, сот-сараптамалық әлеуетті жетілдіруге және зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған күш-жігер туралы хабардар етті.
Осы мәселенің трансұлттық сипатын мойындай отырып, Елші Омаров бұл салада халықаралық ынтымақтастықтың, техникалық көмектің және озық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті және БҰҰ құрылымдарымен, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін білдірді.
Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның негізгі рөлін ескере отырып, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін нығайту үшін көпжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын баса атап өткенін еске салды.
Қазақстан осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен сындарлы өзара іс-қимылға өз бейілділігін сақтайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/969408?lang=kk