Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

05.04.2025 23:45:03 1658

Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Талқылау барысында агроөнеркәсіп кешенін, ауылдық аумақтарды дамыту және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер көтерілді.

Жиынға қатысушылар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, оның ішінде бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандыруға, шаруа қожалықтарына қолдау көрсетуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға кешенді көзқарас қажеттігін атап өтті. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін талқылай отырып, Кеңес мүшелері ауылдық жерлерде тұру және жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасаудың, оның ішінде сапалы білім, денсаулық сақтау және мәдениет қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Ауылдық инфрақұрылымды, соның ішінде жолдарды, электр қуатын және сумен жабдықтауды дамыту қажеттігі баса айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/969791?lang=kk