Жоғары Сот Кеңесінде әр жұма күні - қазақ стиліне арналады
06.04.2025 00:37:17 1561Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киім кию біздің мәдениетіміздің жарқын көрінісі және ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды элементі екенін атап өткен болатын. Ол дәстүрлі қазақ стилі тек мерекелік гардероб емес, біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы тиіс екенін айтты.
Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен ұлттық киімді киюді насихаттау мен ұлттық құндылықтарды одан әрі нығайту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, аптаның әр бесінші күні (жұма) қазақ стилі күні болып жарияланады.
Бұл бастама мәдени дәстүрлерді сақтауға және Кеңес қызметкерлері арасында патриоттық рухты нығайтуға бағытталған.
Өрнек пен мата-тарихтың көзі, ал ұлттық киім бұл жарықтың сарқылмас көзі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/970000?lang=kk