Ұлттық киім күніне орай кимешекке арналған көрме өтті
10.04.2025 16:49:06 220Бүгін Наурызнама аясында Ұлттық киім күні атап өтілді. Президент жуырда өткен Ұлттық Құрылтайдың отырысында ұлттық киім – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі екенін және оны жан-жақты дәріптеуіміз керектігін ерекше атап өтті.
Бұл күнге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Киелі кимешек» атты көрме өтті. Көрмені СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ардагерлер мен жастар тамашалады.
Көрмеде этнодизайнер, ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Тілек Сұлтанның туындылары таныстырылды. Шебердің ерекше жұмыстары қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бай палитрасын көрсетті.
"Кимешек — бұл тек әйелдер киетін дәстүрлі бас киім ғана емес, қазақ мәдениетінің қасиетті элементі әрі ана символы. Әрбір туынды өзінде көп ғасырлық тарихты сақтап, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін жеткізеді. Көрмені ұйымдастырушыларға қазақ мәдениетін насихаттаудағы айрықша үлесі үшін алғысымды білдірдім. Бұл шығармашылық халқымыздың бай мұрасын сақтап, келешек ұрпақтарға жеткізбек", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/959655