Спорт қалашығы салынады

Спорт қалашығы салынады

10.04.2025 16:49:10 1772

Жоба авторларының идеясы бойынша спорт қалашығы «Құлагер» ипподромының жанында орналасады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының барлық талаптарына сай келетін манежде жеңіл атлетика спортының барлық түрлерімен айналысыуға және ірі жарыстар өткізуге болады. Жабық футбол алаңында толық көлемді алаң қарастырылған. Шағын футболға арналған алаң олимпиадалық резерв дайындау орталығының шатырында орналасады.

Қазіргі кезде «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС жобаны жүзеге асыруға дайын. Алдын ала есептеу бойынша жоғарыда аталған үш нысанның құны 6,5 миллиард теңгені құрады. Әкімдік пен мердігер ұйым шарт жасасып, құрылыс компаниясының шығындары бюджет есебінен 3-4 жылдың ішінде қайтарылатын болады.

– Жеңіл атлетика манежі және олимпиадалық дайындық орталығының ЖСҚ-ы желтоқсан айының ортасына қарай, ал футбол манежінің құжаттары келесі жылдың қаңтар айында сараптамаға берілетін болады, – деді «КазЭдемСтройГрупп» ЖШС-ің директоры Әлімжан Ысмайылов. – Егер құрылысты 2018 жылдың наурыз айында бастайтын болсақ, үш нысанды да келесі жылыдң соңына дейін аяқтауға болады.  

Болат Бақауов құралысшыларды асықпауға шақырып, ең бастысы нысандардың құрылысы сапалы жүргізілуі керек екенін атап өтті.

– Құрылыс жұмыстарының шынайы мерзімін сақтайық. Бұл нысандарды күннің жылы уақытында ашқан жөн деп санаймын, – деді ол. – Егер, спорт нысандары 2019 жылдың маусым айына дейін салынып бітсе, жақсы болар еді. Сонымен бірге, тұрғындардың спорт қалашығына жету мәселесін қарастыру қажет.

Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткен кейін тараптар өзара келісімшарт жасайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/9982?lang=kk