Ертіс-Баян өңірінің жетістіктері

Ертіс-Баян өңірінің жетістіктері

10.04.2025 16:49:34 1515

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шараға Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы қатысты. Журналистермен кездесу барысында аймақ басшысы Павлодар облысының 2017 жылдың 8 айындағы даму қорытындылары туралы баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді. Павлодар облысының индустриялық-инновациялық дамуында оң нәтижеге қол жеткізілді.  

Жалпы өңірлік өнім 5,6 %-ға өсті. Облыстың жалпыреспубликалық ІЖӨ көлеміндегі үлесі  4,7%-ға өсті (бұған дейін 4,4% еді). Ағымдағы жылы өнеркәсіптің барлық секторында оң динамика байқалады. Мыс концентратын өндіретін Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының толық қуаттылық деңгейін шығуына байланысты көлем 12%-ға дейін өсті. Металлургия, химия, мұнай химиясы және машниа жасау кәсіпорындары тұрақты жұмыс істейді. Электр энергиясын өндіру көлемі 23,2%-ға ұлғайып, 26,3 млрд. кВтсағатты құрады. Екібастұз №1 ҚАЭС-ың шиналарынан өндірілген 3,3 млрд. Квтсағат электр энергриясы РФ-ың көршілес өңірлеріне экспортқа шығарылды. Жылдың соңына дейін электр энергиясы экспортының көлемі 6 млрд. Квтсағатты құрайды.

Өңірде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Мұнда 980 жаңа жұмыс орны құрылды. Аумақтың инфрақұрылымын дамытып, инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасалуда. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде өңірде инвестициялар көлемі 1,1 трлн. теңгені құрайтын 8412 жұмыс орны құрылатын 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылы инвестициялар көлемі 271,0 млрд. теңге 1323 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 8 жобаны іске қосу көзделіп отыр.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,5%-ға артты, олар шығаратын өнім көлемі  1,3 есеге артты. Жалпы, Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға 4,2 млрд. теңге бөлінді.

Облыста салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатыр.  Алдағы уақытта 21 үй қолданысқа беріліп, 2 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге қоныстанады, жеке тұрғын үй секторын дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыста жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтар белгіленіп, ол жерге инженерлік инфрақұрылымдарды тартылып жатыр. Ағымдағы жылы ауылдарды көріктендіруге 11 млрд. теңге бағытталды.  

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде облыс кәсіпкерлерінің 95 жобасы қолдауға ие болды. Ауыл шаруашылығы саласында 380 ауыл  шаруашылық құрылымдары мен 3688 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Оларға 15 мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау көрсетіледі. «Еттің экспорттық потенциалын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 740,5 тонна ет өнімдері эскпортқа шығарылды. Бұл жоспардың 57 пайызын құрайды. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған 204 әзірлеу пункті мен 299 қайта өңдеу нысаны жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста 114 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды.  

Ертіс-Баян өңірінің маңызды жетістіктерінің бірі – жас ұрпақтың жоғары зияткерлік әлеуеті болып табылады. Ағымдағы жылы тұңғыш рет мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд. теңге бөлінді. Жаңа оқу жылына қарай 118 білім беру нысанында 1,9 млрд. теңгеге   жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы облыстың барлық мектептерінде шахмат үйірмелері ашылды. Павлодарлық оқушылар республикалық пән олимпиадаларында 55 жүлделі орындарға ие болып, облыстар арасында жүлделі екінші орынға тұрақтады. Павлодар облысы  ҰБТ бойынша да орташа 91,77 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/10405?lang=kk