Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында семинар-кеңес өткізді
10.04.2025 16:49:52 231Ағымдағы жылғы 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын сақтауға қатысты Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің қызметкерлері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Кездесу бейнеконференцбайланыс режимінде өтіп, оның барысында Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдері сұрақтарды қойып және оларға жауап ала алды.
Сонымен қатар, семинар-кеңесте Ұлттық экономика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Оразғулов Ақылбек Сарбайұлы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы Бақылау департаменті директорының орынбасары Наурызбек Мадина Дулатқызы қатысты.
Ағымдағы жылғы 8 айдың ішінде Статистика комитеті аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің талдауына сәйкес мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша 106 мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға консультациялар берілді, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша 110 іс-шаралар өткізілді.
Бұдан басқа, Статистика комитетінің деректері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдері 2346 мемлекеттік қызметшін анонимді сауалнамамен қамтап, нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің тұтастай алғанда ұжымдағы моральды-психологиялық жағдайға қанағаттанатыны анықталған.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіру мен ақпараттық-түсіндіру сипаттағы іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдау бойынша ұсынымдарды берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/10600?lang=kk